Мұсылман жамағаты асыға күтетін, қасиетті Рамазанға санаулы күндер қалды. Осыған орай Қарағанды облыстық орталық мешітінің асханасына (кіші және үлкен залдарына) ауызашар өткіземіз деген жамағаттар кезек алып, арнайы жазылуда.
Байланыс үшін:
Мешіт телефоны: 77-17-47
Асхана меңгерушісі Марал Нурзахметова: 8 700 438 07 20, 8 775 781 05 44
Қадірлі оқырман хабарландыруды достарыңызға таратып, игі іске себепкер болуларыңызды өтінеміз.
Ибн Хузәймәдан жеткен риуаятта: «Кімде кім Рамазанда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Алла Тағала оны жаһаннам отынан азат етеді. Ол аузы берік адамға берілген сауаптай сауап оған да беріледі.» -делінген.
Елді ауызашарға жинап, үлкен ықыласпен бірнеше адамдардың аузын аштырған адамға Алла Тағаланың сансыз сауаптары жазылатынын жадымыздан шығармайық.
Пікірлер