Қай салада болмасын білімді пысықтау, оны арттыру жұмыстары қатар жүретіні белгілі. Бұл бойынша алған біліміне баға қойылуы, емтихандар тапсыруы еліміздегі кез-келген қызметкерге таңсық емес. Осы ретте ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Қарағанды облысының ұстаздары, имам-молдалары кезекті аттестациялаудан өтуде.
Маусым айының 02-сі күнінен басталған шараға Қарағандының 120-ға жуық дін қызметкерлері қатысып, оқыған-тоқыған діни білімдерін ортаға салуда.
Имамдарымыздың ілім-білімдерін саралаушылардың қатарында ҚМДБ – ның дін істер бөлім меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев, шариғат және пәтуа бөлім меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, кадр бөлімі меңгерушісі Байзақ Бекмұратов сынды елімізге белгілі дін саласының мамандары және Қарағанды қаласының дін мәселелерін зерттеу орталығынан арнайы шақыртылған психолог Элмира Сағынбаева да бар.
Асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген дін қызметкерлері Қырағат, Тәжуид, Фиқһ, Ислам тарихы, Ақида және Ата заңымыз бойынша қойылған саулдарға жауап беруде. Айтулы шара қорытындысы 04-і күні мәлім болады.
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Пікірлер