«Балам дейтін елі болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын?» дейтін қазақ халқының тұрмысында бала бақытына барынша мән берілген. Мемлекетіміз де 1-маусымды «Балаларды қорғау күні» етіп белгілеп, балғындарға мерекелік күнді тарту еткен. Осы айтулы күні ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожаның тапсырмасын басшылыққа алып, №1-мешітінің имамдары балалар шипажайына қайырымдылық шара ретінде көмек көрсетті. Төсеніш кілемдер мен тәттілер тарту етті. Осы күні жетім балалар үйінен бір топ балалар мешітімізге келіп, құттыхана орынды тамашалап, қариялардан бата алып шықты.
Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер