Жылдағы дәстүр бойынша бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының игі тапсырмасымен Қарағанды облыстық орталық мешіті жанында балалар үшін жазғы сауат ашу курсы маусым айының 02-сі күнінен бастап өз жұмысын бастайды. Өткізілетін дәріс мерзімі 16-на дейін жалғасады.
Маусым айында өтетін сауат ашу курсына 6-15 жас шамасындағы ұл мен қыз балалар қабылданды.
Сабақтар өткізілуі барысында балаларға, ұлттық әдет ғұрып, тазалық, адалдық, және ислам қағидаларынан дәріс жүргізіліп, алғашқы діни сабақ беріледі.
Таңертең келген балалар екі сағат дәріс үйреніп, түс мезгілінде арнайы тәтті тағам ішіп демалады.
Сауат ашу курсы жазғы екі ай мерзімінде жалғасады.
Сауат ашу курсы жоспарында балаларды облыстық мұражайға, облыстық мешіттерге, хайуанаттар бағына, басқа да тарихи орындарымен таныстыру жоспарлануда.
Қажетті құжат:
Баланың туу туралы куәлігі
3*4 сурет
Мешіт мекен-жайы:
Қазақстан, Қарағанды қ., Шахтёров даңғылы құрылыс 10
Байланыс үшін:
Тел. +7(7212) 77-17-47, 8701 0701747
Факс +7(7212) 77-17-37
e-mail: meshit_kar@mail.ru
Пікірлер