Бүгін Балқаш қаласындағы №31765 әскери бөлімінде дін қызметкерімен кездесу кеші болып өтті. Кездесуге Балқаш қалалық мешіттің найб имам Айтқазин Рауан, ішкі саясат бөлімінің маманы Алыбаева Айым, провославиялық шіркеудің өкілі Виктор М.М, Балқаш қаласының ішкі істер бөлімі жедел бөлімінің аға жедел уәкілі Керемкулов Нұрбек, №31765 әскери бөлімі штаб бастығы командирінің бірінші орынбасары және осы бөлімнің әскери қызметкерлері қатысты.
Наиб имам қоғамдық мәселелердің ішіндегі асыл дініміз төңірегінде салиқалы уағыздар жүргізді. Сонымен бірге әскери мамандардың беймәлім тақырыптарын тарқата жеткізіп, бірқатар сауалдарына кеңінен жауап берді.
Пікірлер