Жұма күнгі уағыз соңында, «Миғраж кешінің құрметіне нәпіл намаздар оқылып, уағыз-насихаттар жүргізіледі» - деп жамағаттарға хабарланған болатын.
Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлының ұйымдастыруымен мешіт ұжымы мен мешіт жамағаты қасиетті Миғраж кешін бірге қарсы алды.
Ақшам намазында Миғраж құрметіне жүзден аса жамағат жиналды. Бас имам Қанат Анасұлы мен мешіт азаншысы Тошев Шоқан уағыз-насихат айтты. Нәпіл намаздар оқумен қатар, байтақ еліміз, берекелі жеріміз үшін дұғалар жасалды.
Пікірлер