ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасы бойынша жылдағыдай қабір маңайын тазарту бүгін Балқаш қаласының «Тектұрмас» және «Жұмағұл»-дағы мұсылман қабірлерінде жалғасын тапты.
Мұсылман баласының сауапты ісі әу бастан тазалық екендігі белгілі. Қыста қар астында жатқан қоқыс, көктем шыға маңайға шашылып көрікті жерлердің көркін кетіріп тұр. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылдың 16-ші мамыр күні Балқаш қаласының мешітінің бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажының ұйымдастыруымен «Тектұрмас» және «Жұмағұл»-дағы мұсылман қорымдарының маңайын тазаланды. Бейіт басына апаратын автобустар мешіт маңайынан тегін жүргізілді, қоқыс тиейтін және оны сыртқа шығаратын арнайы техникалар алынды.
Жақсы бастаманы оқып, естіген жамағат сенбі күні ертемен мешіттің жанына жиналды. О дүниелік болған ата-баба, әке-шеше, ағайын-туыс, жора-жолдастарының жерленген қорымдарының маңайын тазалауға өз еріктерімен ынта білдірген мұсылман бауырлар бірқауым. Бастамаға үн қосқан кәсіпорындар мен оқу орындары да жоқ емес. Балқаш қалааралық жолаушы тасмалдау қызметінің басшысы Қысанов Нұрлан Ұланұлы өз қарамағынан екі автобус жіберіп және Орталық Транс-сервис басшысы Арман Қартайұлы да өз қарамағынан екі автобус жіберді. «Қазақмыс смелтинг» корпорациясының «БМЗ» зауытынан және Лакомотивтік депоның басшысы Дулат Төлегенұлы екі КамАЗ автомашинасы, екі қоқыс тиегіш техника мен жұмыскерлер жіберді. Жұмыскерлер, студенттер, мешіт жамағаттарымен бірге автобустарға отырып, қала маңындағы мұсылмандар қабіріне қарай жол тартты.
Жұмағұлдағы зираттардың маңайын, Тектұрмастағы бейіттердің айналасын тазалау жұмыстарына наиб-имам Айтқазин Рауан жетекшілік жасады.
Орталық мешіттің тамаша бастамасына қала әкімдігі де қолдау көрсетіп, қажетті техникалармен қамтамасыз етті. тазалау жұмыстарына тигізген пайдасы өлшеусіз.
Адам мен техника күшінің бірігіп атқарған жұмысының нәтижесінде қорымдардың маңайы біраз уақыттан бері жиналып қалған үйінді қоқыстардан тазарып, тап-таза кейіпке енгізді. Алла разылығы үшін ұйымдастырылған сауапты іс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Пікірлер