Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмастар атқарылуда.
Таяуда Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлының бастамасымен және Теміртау қаласының жастар ұйымының жетекшісі Митератбек Орынбекұлының жүргізуімен «Ағаш – ел дәулеті, жер сәулеті» атты тал егу, көшет отырғызу акциясы ұйымдастырылды.
Шариғатымызда адамзатқа пайдалы жеміс не тал отырғызылса, одан халық жемісін жесе, талдың көлеңкесін пана етсе оның қияметке дейін сауабы мол екені айтылған. Осындай сауапты амалға мешіт жамағаты, өрелі жастары белсене қатысып, мешіт ауласына, айналасына тал көшеттерін отырғызып, гүлдер дәндерін сеуіп шықты. Алдағы уақытта сауабы мол игі істің жалғасы тағы да өткізілетін болады.
Пікірлер