Дін насихаттан тұратындықтан оның өміршеңдігін бүгінгі өмір ағымымен сабақтастырып дәріптеу уақыт талабы. Кай кезеңде болмасын жастар елдің болашағы, болашақтың жарқын үлгісі. Сондықтан бүгінгі жастар ибалы, иманды, адамгершілік қағидаттарға адал, рухани қуатты болса, өзгелердің «жылтырағына» алданбай Отанына адал, айналасына сергек қарайтын қоғамға пайдалы тұлға болары хақ. Аллаға шүкір, мешіттерге келген жастардың сана-сезімін дұрыс жолға бағыттау үрдісі бүгінде кең етек алды. Имамдарымыз әртүрлі сауалмен келген жас буынға кемел дінімізді көркем түрде жеткізуде барынша қызмет атқарып келеді. Солардың қатарында №1-мешіттің жастармен жүйелі жұмыс жасауы күнтәртібінен түспейді. Наиб имамдар ықыласпен келген жастарға арнайы уақыт бөліп, діни тұрғыда насихаттар айтып, сауалдарына сауатты жауап бере отырып, екі дүние бақытына жеткізетін ақиқат жолды нұсқауда.
Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер