Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мешіт айналасы айнадай
12 мамыр, 2015 жыл 116 Басып шығару нұсқасы

Мамыр айы басталғалы Балқаш қалалық мешітінде   ҚМДБ-ның  Қарағанды  өңірі  бойынша  өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының  тапсырмасын негізге ала отырып, сауапты іс атқарылуда.


 Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Асылхан қажы Түсіпбеков және мешіт имамдарының бастамасымен «Ағаш – ел дәулеті, жер сәулеті»  аталымы бойынша  акция жалғасты.


Аталмыш акция барысында Балқаш қалалық мешіті,  «Қазақмыс Корпорациясының» политехникалық колледжі мен Крупской Н.К. атындағы № 4 орта мектебінде  көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.


"Дала көркі — мал, қала көркі — тал" -деген  аталы сөзге сай  мешіт  ауласына, айналасына алма, құлпынай, терек  көшеттері  отырғызылып, лалагүл мен түймедақ гүлдерінің  дәндері себілді. Көпшілікпен атқарылған жұмыстың ішінде мешіт қорғандары, есіктеріне сырланды.  Мешіттің наиб имамы Айтқазин Рауан колледж, мектепте өткен  көгалдандыру жұмысына  қатысып, жас өрендерімізге зор үлгі-өнеге болды.


[gallery link="file" size="medium" columns="4" ids="16593,16594,16595,16596,16597,16598,16599,16600,16601,16602,16603,16604,16605,16606,16607,16608"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары