Отан соғысы, осыдан 70 жыл бұрын орын алған жеңіс тұғыры соғыс майданында болған батыр тұлғаларымыздың жүрегінде мәңгілікке сақталған. Қасық қаны қалғанша елі, жері үшін күрескен ардақтыларымыздың Отанына деген ерлігі ұшаң-теңіз. Батырдың ерлігін бағалау, құрмет-ізет көрсету бүгінгі ұрпаққа міндет. Осы орайда Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Түсіпбеков Асылхан Рахымжанұлы аймақтағы құрметті ардагерлерімізді айтулы мейрам күні мешіт атынан құттықтады.
Бас имам 90 жастағы Омаров Муқажан ардагерімізге, 95 жастағы Ынтықбаев Ибраем ардагерімізге және 97 жастағы Кинтбаев Шағален ардагерлеріміздің отбасыларында болып, ерлігі ерен тұлғаларымызбен әңгімеге тартып сұқбаттасты. Әрбір жүздесу барысында ыстық ықылас, жылы лебіз, ақ тілектер айтылды. Сонымен бірге ақсақалдарымызға шапан кигізіп, күнделікті тұтынатын азық – түліктер тарту етілді.
Әсері мол жүздесулер барысында соғыс майданында шейіт болған қазақтың батыр ұл-қыздарының есімдері аталып, Құран оқылды.
Пікірлер