Нұра ауданынына іргелес жатқан мұсылмандар зиратының басына тазалық жұмыстары жүргізілетіні жайлы алдын-ала жамағатқа хабарландырылған болатын. Өткен жексенбі күні зират басына, айналасына сенбілік жұмыстары өткізілді.
Қар еріп, жер құрғағаннан кейін, зират басының тазалығына көңіл бөлу, қоршауларын сырлап тәртіпке келтіру, мешіт қызметкерлері тарапынан қолға алынған.
Қазақта «Өлі риза болмай, тірі байымайды»-деген сөз бар. Мешіттің бас имамы Хумар Қоныскерей марқұм болған аруақтарға құран бағыштап, сенбілікке келген әр бір мұсылман аға-бауырларының істеріне жақсылық ниетін білдірді.
Зират басына тазалық жұмыстары ауданға қарасты өзге де ауылдарда жалғасын тапты.
Пікірлер