ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай және Нұра ауданы ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен мешіттің бас имамы Хумар Қоныскерей Пржевальский және Байтуған ауылдарының мектеп оқушыларымен «Жалған діндер және олардан сақтану» атты тақырыпта кездесу өткізді. Мақсат - жастардың діни ағымдардың теріс бағыты жөнінде ақпараттандырып, қадірлі Отанымызға деген мейірім - сүйіспеншілікті арттыру. Бас имам дерек көздеріне сүйене отырып, аталған тақырып аясында теріс діни ағым белгілері және қайдан дұрыс имани білім алу керектігін тиянақты айтып берді. Кездесу соңында жасөспірім жеткіншектерге жақсы білім алып, ата-ананың қадірін білуге, үлкендерді құрметтеуге, оларға қызмет етіп, жақсылық жасауға шақырды.
Пікірлер