Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ережеп айында ерлеріміз еске алынды
06 мамыр, 2015 жыл 74 Басып шығару нұсқасы
Өзіндік қасиеттері мол үш айдың алғашқысы ережеп айының құрметіне және Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қарағанды қалалық №1-мешітінде соғыс және тыл ардагерлері мен қарттар үйінің тұрғындарына ас берілді. Бас имам Орманбет қажы Болатұлының ұйымдастыруымен атқарылған шараға облыстағы ДІБ-ның маманы, қала мешіттерінің имамдары және мешіт ақсақалдары қатыстырылды. Жеңістің 70 жылдық құрметіне жетпіс қария қатысқан шарада, мешіт жанындағы діни сауат ашу курсындағы қажы апаларымыздың бірлесіп оқыған хатым құранның сауабы сұрапыл майдан даласында қаза болған боздақтар мен ата-бабаларымыздың рухына бағышталды. Бас имам Отан тыныштығы мен ел татулығы турасында уағыз айтып, ДІБ-нан келген құрметті қонақ Төлеу Қайратұлы ардагерлер мен қарттарды айтулы мерекелермен құттықтады. Асқа жиылған қариялар да кезегімен жүрекжарды лебіздерін білдіріп, өткен күндерін еске алып, болашаққа бақыт тіледі. Көненің көзі болып бара жатқан қарияларымызға «Қарты бар ауылдың қазынасы бар» деген қағидаға сай иықтарына шапан жабылып, аналарымызға ақ ниетпен ақ жаулық таратылды.

Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі

 

[gallery link="file" size="medium" ids="16563,16564,16565,16566,16567,16568,16569,16570,16571,16572,16573,16574"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары