Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Қарағанды өңіріне қарасты бірқатар аудан-ауылдарды аралап, сәуірдегі тасқын судан зардап шеккен ағайындардың қал-ахуалдарын сұрап шықты. Соның ішінде Қызылжар ауылының тұрғыны, дін қызметкері Хумар Бақытжанмен жүздесіп, барша имамдардың атынан сабырға шақырып, әрдайым демеп, қолдайтынын жеткізді.
Пікірлер