Өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының облыс көлеміне жолдаған тапсырмасын басшылыққа ала отырып, жыл сайынғы дәстүрге айналған бейіт тазалығына биыл да №1-мешіт ұжымы белсене қатысып, дін қызметкерлері сауапты іс-шараны бастап берді. Зират тазалығын ұйымдастырған бас имам Орманбет Болатұлы марқұмдар жатқан қорымды айналасындағы ағын сумен келген қоқыстардан арылтты. Жалпы зират ішіндегі тазалық өз деңгейінде сақталған.
Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер