ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Бұқар жырау ауданының бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы ауданға қарасты Қарақұдық ауылына басқару, бақылау жұмыстарымен барып қайтты.
Арнайы іс-сапармен Қарақұдыққа келген бас имам ауыл тұрғындарына ауыл молдасы Айболат Үрімханның өз еркімен жұмыстан кететіндігі жөнінде хабарлады.Сонымен бірге уақытшалық молдалық қызметке Расул Акошевтің өкіл имамның шешімі жеткізілді.
Бас имам ауыл тұрғындарының алдында: «Р.Акошев Павлодардағы «Абу Ханифа» медресесінде оқыған, діни ілім мен тәжрибесі мол. Міндеттелген жұмыстарды алып жүреді. Мешіттің ережесіне сай берілген тапсырмаларды уақытылы орындау т.б. мәселелерді бұлжытпай орындайды.» - деп уақытшалық молдалық қызметке келген Расул Акошевке зор сенім білдірді.
Жақын арада бас муфти Ержан қажы Малғажұлы хазреттің атына ұсыныс құжаттары жіберіледі.
Пікірлер