Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасы бойынша Теміртау қалалық мешітінде «Тазалық иманнан» атты сенбілік өткізілді.
Сенбілік өткізілетіндігі жұма намазында жамағатқа хабарлаған болатын. Жамағат тарапынан үлкен-кішісі қалмай игі іске бірадамдай атсалысты.
Сауапты іс жүргізу барысында мешіт маңындағы қоқыстар тазартылып, мешіт алды ақталды.
Бас имам Қанат Анасұлы игілікті жұмысты атқарып, көмектескен барша жамағатқа мешіт атынан алғысын жеткізді.
Пікірлер