Уағыздарды көркем тілде насихаттау, шәкірттерді оқыту, мешітке келген жамағатпен сыпайы әрі үлкен әдептілікпен сөйлесу - Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде күнделікті атқарылатын жүйелі жұмыстар. Ал, мешіт ауласына көшет отырғызу, гүл өсіру, айналаны айнадай ұстау өз алдына бір бөлек. Осындай реттілікпен мешіт жанында бос тұрған қоймаға жаңадан құрылыс жүріп, жөндеу жұмыстары басталды. Арнайы жүк көлігімен құм түсіріліп, керекті құрал-саймандар алынды. Құрылысы жүріп жатқан қойма алдағы уақытта мәйітхана ретінде қолданысқа беріледі. Көпқабатты үйде тұратын жергілікті тұрғындардың сұранысымен басталған мәйітхана жұмысы жомарт жандардың қолдауымен жүргізілді.
Мешіттің бас имамы Досбол Ыдырысұлы мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағатының оңтайлы іске жұмыла кіріскеніне зор алғысын білдірді.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітің баспасөз қызметі
Пікірлер