Облыс көлеміндегі орын алған апат жағдайына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан үндеу жарияланып, Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен облыстың, қала, аудан, ауыл мешіттері тарапынан жәрдемдесу шарасы өткізілуде.
Бүгін Ақтау мешітінің молдасы Фазыл және жамағаттары уақытшалық қиындыққа тап болған қандастарымызға алып баратын заттарды жүк көлігіне тиеп, үлкен қолқабыс етті. Бұл жолы қайрымдылық көмектесу бағыты Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафина ауылына жеткізілді. Тұрғындарға көмектесу барысында мейірімді жандар мен мешіт атынан жиналған 40 мың теңге қаржылай беріліп, қажетті деген азық-түліктердің барлық түрі, киім-кешектер, төсек-жабдықтар таратылды.
Пікірлер