Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Нұр-Мүбәрак» университетінің гуманитарлық көмегі ауылдарға жеткізілді
28 сәуір, 2015 жыл 84 Басып шығару нұсқасы

Айтып келмейтін апатты жағдай - ақырындап ауыздықталуда. Ал, қызылсумен алысқан ағайынға еліміздің  барлық аймағынан рухани қолдау көрсетіліп, гуманитарлық көмектер жөнелтіліп жатыр.


Су тасқынынан зардап шеккен елді-мекендердегі жерлестерімізге көмектесу мақсатымен  Қарағанды облыстық орталық мешітінде  «Қайырымдылық - ізгілік»  атты акциясы жүргізілген болатын. Жақсылықта да,  қиыншылықта да жұмыла көмекке келетін жамағат  Осакаровака ауданына  тұрмысқа қажетті деген  заттарды жүкке тиеп, аудан орталығына жеткізді.


 «Нұр-Мүбәрак» университеті, облыстық мешіт жамағаттары және қала тұрғындары атынан  Оскаровка ауданына қарасты  Қарағайлы,  Николаевка ауылдарындағы тұрғындарға  киім-кешектер, төсек-жабдықтар, ыдыс-аяқтар және азық-түліктер  таратылды.


 Өкіл имамның орынбасары, Қарағанды өңірі бойынша жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Мерей Қанатұлы  аудан имамы мен аудан әкімінің орынбасарымен жүздесіп,  үйлерін су шайған тұрғындардың  хал-ахуалын сұрап сұқбаттасты. Наиб имам уақытшалық қиындыққа тап болған ағайынға басу айтып, сабырлыққа шақырды.


 Қарағанды облыстық орталық мешіті


[gallery link="file" ids="16214,16213,16212,16211,16210,16209"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары