Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жақсы іс жалғасын табуда
28 сәуір, 2015 жыл 208 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге көмек қолын созуға шақырып БАҚ бетіне үндеу жариялады.  Өкіл имам: «Халқымызда «жылу», «асар» деген жақсы сөз бар. Біреудің басына қиындық түссе, «жылу» жинап, қайырымдылық танытады. Биыл  Қарағанды облысындағы тұрғындар су тасқынынан зардап шекті. Халқымыз бұл сынақта шет қалмай, қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Пенденің уайымына ортақтасса, оның уайымы азаяды, ал қуанышына ортақтасса, оның қуанышы артады», – деген. Алла Тағала қасиетті Құранда барша адамзат баласына: «Бір-бірлеріңе жақсылықта көмектесіңдер», – деп бұйырған. Осындай уақытта біз бір-бірімізге қайырымдылық жасауымыз керек» деген болатын. Қайырымдылық шарадан қалыс қалмайтын Қарағанды қалалық №1-мешіті осындай сауапты амалды арттырып, мұқтаж орындарға тиісті көмегін көрсетіп келеді. Облыс бойынша бірлесіп атқарған шарада Шет ауданына қарасты ауылдық мекендерге азық-түлік, киім-кешекпен жәрдем көрсеткен болса, кеше Абай ауданына қарасты Жұмабек ауылының тұрғындарына қайырымдылық көмек жасады. Бас имам Орманбет Болатұлы жеті шаңырақтың отбасына кіріп, оларды сабырлыққа шақырып, келген сынақтың арты қайырлы болуын тілеп бата жасап шықты. Қолы ашық азаматтардан жиналған азық-түліктерді «қолы қысқа» жанұяларға үлестіре отырып, әрбір отбасына жаңа кілемдерді тарту етті. №1-ші мешіттің бас имамына және жомарт жандарға ауыл тұрғыны Зашибек ұлы Қамаладдин ақсақал алғысын білдіре отырып: Айналайындар! Осындай қиын-қыстау кезеңде жылы ілтипат білдіріп, жан жылуы мен ыстық ықылас танытып келгендеріңізге мың алғыс. Ендігі жерде ел аман, жұртымыз тыныш болсын- деп,  шүкірлігін айтты.  Осындай ізгі іс, екі дүниеде сауапты шара алдағы уақытта да жалғасатын болады.   


 Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="16185,16186,16187,16188,16189,16190,16191,16192,16193,16194"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары