Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мектеп оқушылары әсерлі  уағызбен сусындады
24 сәуір, 2015 жыл 80 Басып шығару нұсқасы

      ҚМДБ-ның  Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам  Өмірзақ қажы Қазкенұлының  тікелей басшылығымен  құрылған жоспарлы тапсырмаға сай,  сәуір айының  23-і күні Нұра ауданы Изенді ауылының  оқушыларымен    уағыз-насихат   тобы кезекті кездесу  жұмыстарын жүргізіп  қайтты.


     Уағыз –насихат  тобының  мақсаты: жалған көзқараспен ислам дінінің атын жамылған  сұрқия әрекет етіп  жүрген  әртүрлі  топтардың  жұмыстарының  дұрыс  еместігін түсіндіру.  Жастарымыздың санасына ислам дінінің таза, көркем, халықты бейбітшілікке шақыратын асыл құндылықтарға ие екенін сіңіру болды.


    Аудан мешітінің бас имамы Хумар Қоныскерей оқушыларға әсерлі уағыз жүргізіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, еліміздің болашағы білімді де, көкірек көзі ояу қазақ жастарының қолында екенін айта келе, батасын  берді.


Кездесу соңында мектеп басшысы және ұстаздар  ұжымы алғыстарын білдірді.


[gallery link="file" ids="16147,16148,16149"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары