Бүгінде қоғамда көтеріліп жүретін жайттардың бірі ерлі-зайыптылар арасындағы жанұялық мәселелер. Ел іргесінің бүтін болуы мен Отанымыздың өсіп-өркендеуі отбасына тікелей байланысты болғандықтан, ата-бабаларымыз «Отан-отбасынан басталады» деп көрегенділікпен дөп басып айтқан. Жастарымыздың құндылығы болып саналатын жанұя шаттығын жете бағаламай, отау құрған соң көп ұзамай ажырасып жатқаны өмірдің ащы шындығы. Осы тақырыпқа қатысты Қарағанды облыстық мешітінің ұстазы Нұрбол Тағаев жергілікті «1-ші Қарағанды» телеарнасына сұхбат берді. Екі жұрттың сенімін арқалап, отбасы шаттығын бірге көтереміз деген жастарға жанұяның бірлігін сақтау мен ерлі-зайыптылардың өзара міндеттерін Құран аяттары мен хадистер негізі бойынша түсіндіріп, салт-санамызбен сабақтастырып тұщымды насихат айтты.
Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер