Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды мешіттері «Қайырымдылық – ізгілік»  акциясын өткізді
22 сәуір, 2015 жыл 152 Басып шығару нұсқасы

Адам баласына көмектесу, қиын мезетінде жанынан табылу -  мұсылманның бойындағы игі қасиет.


Осы ретте өңірімізде апатты жағдайдан зардап шеккен жерлестерімізге көмектесу мақсатымен Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы және облысқа қарасты мешіттердің ұйытқы болуымен «Қайырымдылық - ізгілік» тақырыбымен гуманитарлық көмек көрсету акциясы өткізілді.


Қарағанды облыстық орталық мешітінен бастау алған игілікті шараға мешіт жамағаттары, шәкірттері асарға арнайы жиналды. Ал, өкіл имам игілікті ісіміздің қайырын берсін деген ниетпен құран оқып, ақ батасын берді.


Қарағанды облыстық орталық мешіті, Қарағанды қалалық №1 мешіті және «Бала қажы», Теміртау, Саран қалалық мешіттерінің атынан 3 үлкен  жүк көлігі, 7 газель жасақталып, мешіт имамдары Шет ауданының бірнеше ауылдары мен Нұра ауданындағы Киевка, Қараой, Көбетей ауылдарын аралады.


Тұрғындарға көмектесу барысында мейірімді жандар мен мешіт атынан жиналған 400 мың теңге қаржылай беріліп, қажетті деген азық-түліктердің  барлық түрі, киім-кешектер, төсек-жабдықтар таратылды.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз  қызметі


[gallery link="file" ids="16055,16056,16057,16059,16060,16061,16062,16063,16064,16065,16066,16067,16068,16069,16070,16071,16072,16073,16074,16075,16076,16077,16078,16079,16080,16081,16082,16083,16084"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары