Облыс көлеміндегі орын алған апат жағдайына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан үндеу жарияланып, Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен облыстың, қала және аудан мешіттері тарапынан жәрдемдесу шарасы өткізілуде.
Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы мешіттен қор ашып, жұма күні қордың ашылғандығы жөнінде жиналған жамағатқа хабарлаған болатын.
Бүгін Теміртау қалалық мешітінің жамағаттары уақытшалық қиындыққа тап болған қандастарымызға алып баратын заттарды жүк көлігіне тиеп, үлкен қолқабыс етті. Бұл жолы қайрымдылық көмектесу бағыты Бұқар жырау ауданына және ауылдарына жеткізілді.
Пікірлер