Қарағанды облыстық орталық мешітінде «Салауатты қоғам» қоғамдық бірлестігі мен облыстық мешіттің ұйымдастыруымен «Ақида» пәнінің негізінде сертификаттау салтанаты өткізілді. Игілікті рәсімге жыл басынан бері яғни, қаңтар, ақпан, наурыз айларында мешітке келіп діни білім алған 200-ге жуық шәкірттерден іріктеліп 52 шәкіртке(ер балаларға) зор құрметпен сертификат табысталған болатын.
Айтулы шараның жалғасы ретінде сәуір айының 11-і күні ҚМДБ-ның жанынан құрылған РАНТ-ның мүшесі, теолог, «Салауатты қоғам» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тағаев Нұрбол Сайлауұлы 20 шәкіртке(қыз балаларға) «Ақида» пәні бойынша дәріс жүргізіп, шәкірттердің сабаққа қатысқаны жөнінде сертификат табыстады.
Пікірлер