Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ұлы имамның құрметіне семинар өткізілді
15 сәуір, 2015 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

             ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет биылғы жылды Абу Ханифа жылы деп  бекіткені баршамызға мәлім. Осы орайда ұлы имамның құрметіне Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы ауданға қарасты имамдармен  «Ұлы имам Абу Ханифа мазхабындағы имамдар»  тақырыбында   семинар  өткізді.


 Айтулы семинарға  дейін  ауданға қарасты Тегісжол  «Мұрат ата» мешіті жанында орналасқан медреседе ауыл молдаларына 3 күн бойы Қарағанды облыстық орталық мешіттің ұстазы, теолог Тағаев Нұрбол  Ақида, Фикһ т.б. пәндерінен дәрістер өткізіп, діни құндылықтарды кеңінен насихаттаған болатын.


Үшінші күні өткізіліп отырған  серпінді семинарға ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Қарағанды облыстық орталық мешіттің найб имамы Бекболат Қосмағанбетов, теолог Тағаев Нұрбол және Қарағанды қалалық Дін істері басқармасының  өкілі Төлеу Қайратұлы қатысты.


Әлемге әйгілі болған, ұлы ғұламаның құрметіне  тың  мәліметтер  айтылып, тағылымды да тарихи уағыздар айтылды.


Сонымен бірге семинарға қатысушыларға семинар өткізілгендігі турасында сертификат табысталып, имамдардың  әрбір істеріне игілік тілесті.


Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

 

 

[gallery link="file" ids="15907,15908,15909"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары