Қадірлі ағайын, өздеріңізге мәлім жағдай - бірнеше күннен бері күннің күрт жылуынан сірескен қарлар еріп, Қарағанды облысының бірнеше аудан, ауылдарын су алып, қараша халық абыржу үстінде.
Айтып келмейтін апатты жағдайға Қарағанды облыстық орталық мешіті де бей-жай қарап отыра алмады. Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының ұйымдастыруымен облыстық мешіт ішінен көмек көрсету қоры ашылғанын хабарлаймыз.
Жергілікті тұрғындарымыздың хал-ахуалына демеу болып, қаржылай қолдау көрсетсек азаматтық парызымыздың орындалғаны емес пе?! Уақытшалық қиындыққа тап болған жерлес-бауырларымызға көмек қолын созып, Алла разылығы үшін жәрдем берейік ағайын.
Пікірлер