Нұра ауданының Ахмет ауылында ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасы және ішкі-саясат бөлімімен жүйелі түрде құрылған кестеге сай, сәуір айының 11-і күні бастауыш сынып оқушыларымен кезекті кездесу өтті.
Кездесу мақсаты: жас ұрпақ санасына дініміздің асыл құндылықтарын сіңіру. Бала - тәрбиенің бастауын өз отбасынан, яғни ата-ана мектебінен алатыны даусыз. Осы тұрғыда аудан мешітінің бас имамы Хумар Қоныскерей оқушыларға «Баланың ата-ана алдындағы міндеті жайлы және оларды қадірлеу, құрметтеу, көмек көрсете білу, үлкен-кішіні сыйлау» сынды тағылымы мол, тәрбиелі уағыз айтты.
Кездесуге қатысқан мектеп басшысы , тәрбие ісінің меңгерушілері және сынып жетекшілері көкейде жүрген сұрақтарын қойып, асыл дініміздің кең етек жаюына ұйытқы болып жүрген дін басшыларына алғыстарын білдірді.
Пікірлер