Теміртау қаласы орталық мешітінде жамағатқа дәстүрлі дінімізді насихаттау жұмысы бойынша екі жылға уақыт күздің қыркүйек айынан, көктемнің сәуір айына дейін жалғасатын уағыз насихат жұмысы тұрақты түрде жалғасып келген. Мұндағы мақсат күннің қысқаруымен түннің ұзаруына байланысты уақытты тиімді пайдалану тұрғысынан әр сенбі Құптан намазынан кейін, үш сағат уақыт намазға келген жамағатқа уағыз айту кішігірім дәстүрге айналған болатын. Қазір күннің ұзаруына байланысты Құптаннан кейін 3 сағат уағыз насихатттау уақытша тоқтады. Алайда, мешіттің имамдары әрі қарай уағызды жалғастыру үшін, әр аптаның сейсенбі, жұма күні Ақшам намазынан Құптан намазына дейін сабақ ретінде жалғастыруды қолға алды. Бұл уақыт аралығында мешіт жамағатына, шәкірттеріне «Ақида», «Фихһ», «Пайғамбарлар тарихы», «Сахабалардың өмірі» сынды діни пәндерден дәріс өткізіледі. Сабақты мешіттің бас имамы Ербол қажы, Қарағанды мешітінің ұстазы Нұрбол Сайлауұлы және найб имамдар өткізетін болады. Дәрістерді өткізу жоспары осы аптада-ақ басталып кетті.
Пікірлер