Еліміздің тұңғыш Президенті ел жастарымен болған кезектібір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биікболуы тиіс. Жастарыжалынжүректі, өршілнамысты, биікрухтыболса – олелдіңеңсесі де биікболады. Өршіл, намысшылжас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмететуге ұмтылады,» — деген еді. Елбасының «Мен жастарғасенемін!» депайтқансөзіненбізгеүлкенсенімартыпотырғанынбайқауымызғаболады.
Жастарға тағылымды тәрбие беріп, дұрыс жол сілтеуде дін мамандарының орны бөлек. Осы орайда ауданның имамдары жастар мәселесіне бей-жай қарап жүрген жоқ. Имам-молдалардың қатысуымен көптеген игі іс-шаралардың өтіп жатқандығы да мәлім.
Жастарға діни тәрбие беру, дәстүрлі ислам діні туралы жастар мен оқушылардың білімін ұлғайту мақсатында ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жараспай ауылы мектеп оқушыларымен кездесті. 9 сәуірде ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жараспай ауылына темір ат басын тіреді. Аудандық мешіттің бас имамы Қоныскерей Құмарұлы, аудандық мешіттің наиб-имамы Исай Қайболдинов, аудандық жастар ісі жөніндегі Орталықтың маманы Асылбек Мұсабаев, Жараспай орта мектебінің директоры Жанкелді Рақымжанов, мектеп ұстаздары мен оқушылар белсене қатысты. Жиынға арқау болған мәселелер: отбасы бірлігі, ата-анаға құрмет және бала тәрбиесі, төл дініміздің қоғамдағы орны, ол жердегі жастардың дәстүрлі дінімізге оң көзқарасын қалыптастыру, теріс ағымдардың ықпалынан сақтандыру. Кездесу соңында ақпараттық-насихаттық топ мүшелері жастар мен мектеп оқушыларына жылы лебіздерін білдірді.
Мақпал Жұматаева
Жастар ісі жөніндегі Орталық директоры
Пікірлер