Өкіл имам ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазенұлы Тегісжол Мұрат ата медресесінде Бұқар Жырау ауданының барлық имам-молдаларымен өткен семинарға қатысты.
Семинар барысында 2015 жылы, 19 ақпанда қабылданған маңызды да мәнді құжаттардың бекітілуі мен халық арасында кеңінен насихаттау жұмыстары төңірегі сөз болды. Сонымен бірге өкіл имам «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» және «Имамның тұлғалық келбеті» тақырыбындағы құжаттарға жеке-жеке тоқталып, әрбір бөлімдерінің мәнісін тарқата жеткізді.
Пікірлер