Еліміздің тұңғыш Президенті ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биікболуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмететуге ұмтылады,» — деген еді. Елбасының «Мен жастарға сенемін!» деп айтқан сөзінен бізге үлкен сенім артып отырғанын байқауымызға болады.
Жастарға тағылымды тәрбие беріп, дұрыс жол сілтеуде дін мамандарының орны бөлек. Осы орайда ауданның имамдары жастар мәселесіне бей-жай қарап жүрген жоқ. Имам-молдалардың қатысуымен көптеген игі іс-шаралардың өтіп жатқандығы да мәлім.
Жастарға діни тәрбие беру, дәстүрлі ислам діні туралы жастар мен оқушылардың білімін ұлғайту мақсатында ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жараспай ауылы мектеп оқушыларымен кездесті. 9 сәуірде ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жараспай ауылына темір ат басын тіреді. Аудандық мешіттің бас имамы Қоныскерей Құмарұлы, аудандық мешіттің наиб-имамы Исай Қайболдинов, аудандық жастар ісі жөніндегі Орталықтың маманы Асылбек Мұсабаев, Жараспай орта мектебінің директоры Жанкелді Рақымжанов, мектеп ұстаздары мен оқушылар белсене қатысты. Жиынға арқау болған мәселелер: отбасы бірлігі, ата-анаға құрмет және бала тәрбиесі, төл дініміздің қоғамдағы орны, ол жердегі жастардың дәстүрлі дінімізге оң көзқарасын қалыптастыру, теріс ағымдардың ықпалынан сақтандыру. Кездесу соңында ақпараттық-насихаттық топ мүшелері жастар мен мектеп оқушыларына жылы лебіздерін білдірді.
Мақпал Жұматаева
Жастар ісі жөніндегі Орталық директоры
Пікірлер