ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Қарқаралы ауданындағы «Құнанбай қажы» мешітіне іс-сапармен барып, мешіт имам-молдаларымен кездесу өткізді.
Басқосу барысында Қарақаралы аумағындағы діни ахуалға кеңінен тоқталып, бүгінде атқарылып жатқан жұмыстар ретімен танысты. Өкіл имам имамдарға жат ағымдармен жүйелі жұмыс жүргізу жолында атқарылатын бірқатар мәселелерді айтып өтті. Сонымен бірге имамдар бұл жиында дінінен адасып жүрген бауырларымызға дұрыс бағыт-бағдар беру, түсіндіру жұмыстарын атқару сынды тапсырмалар алды. Имамдарға Қарағанды қалалық «Нұрлы - Білім» қоғамдық қорының әдістемелік кітапшасы таратылды. Ал, кешкілік Құптан намазының алдында Өмірзақ қажы Қазкенұлы Қарқаралы жамағатына «Жиһад» мағынасын Алланы танытуға жол ашу мақсатында, ақиқатты дәріптеу, ынтымақты сақтау үшін қолдану керектігі жайында кеңінен уағыз-насихат жүргізді. Сондай-ақ бейбіт өмір кешіп жатқан Қазақстанымыздың береке-бірлігіне шүкір етіп, Отанымыздың татулығын сақтауға шақырды.
Пікірлер