Алматыда Қайырымдылық мекемелер қауымдастығы «Алшаң Жібек Жолы» Ассоциациясының қызметкерлері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аттестациясынан өтуде.
Қауымдастық қызметкерлерінің білім деңгейін ҚМДБ-ның аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, Дін істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы, оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейітбеков және Ерсін Әмірe сараптамадан өткізуде.
Аттестацияға жалпы саны 178 қызметкер қатысуда. Сынақ әр қызметкерден жеке-жеке қабылдануда. Билет бойынша келетін сұрақтарға ауызша әрі жазбаша жауап беріп, әрқайсысы өз білім деңгейін көрсетуде.
Пікірлер