Дін мен ғылымды, ғибадат пен білімді ұштастырған насихат жұмысы Қарағанды №1-мешітінде жаңаша тұрпатта бастау алды. Бастау алды дейтініміз, бұған дейін сұхбаттар мен насихаттар мешіт сыныбында өтетін. Ал, ендігі насихаттар жексенбі күні бесін намазынан соң жалғасатын болады. Осы негізде РАНТ мүшесі, облыстық мешіттің ұстазы Тағаев Нұрбол №1-мешітінің жамағаттарына насихат жұмыстарын жүргізіп, ақида мен фиқһ тұрғысында дәріс жүргізді. Бір жарым сағат жүргізілген дәрістен соң жақсы отырысқа жиналған жамағатқа мешіт сыныбында «Дін мен Дәстүр» тақырыбындағы бейнеролик көрсетілді. Осы мақсаттағы мәнді шара айына екі мәрте өткізіліп тұрады.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
[gallery link="file" ids="15543,15544,15545,15546"]
Пікірлер