Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Дін – тәрбие жолы
03 сәуір, 2015 жыл 98 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Елбасымыздың бағыт-бағдар берген сара жолмен ілгері басып келеді. Қазақ халқы қашанда жастарын имандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеген. Сондай шараның жалғасы ретінде аудандық ішкі саясат бөлімі мен орталық мешітінің бас имамы Құмар Қоныскерейдің ұйымдастыруымен ақпараттық-насихаттық топ 1 сәуір күні  бас имам Қ.Құмардың бастауымен Щербаков ауылы жастарымен және мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде аудан имамы қазіргі таңда белең алып бара жатқан жат ағымдардың қоғамға зияны туралы және осындай диструктивті ағымдардан бойларын аулақ ұстауға үндеді. Сонымен қатар оқушылар мен жастардың тәлімді тәрбие алуларын тілей отырып, жақсы мысалдар келтіріп кетті.


Кездесуге жастар ісі жөніндегі орталық директоры Мақпал Жұматаева, Щербаков ауылының әкімі Бақытжан Әмірбеков, Щербаков орта мектебінің директоры Ақылбек Тоқабаев, ауыл учаскесінің инспекторы Жанкелді Төлеубаев және ауыл мешітінің имамы Рашит Жұмағұлов қатысып, осы бағытта ойларын айтып, тағылымды сөздер айтып, тілектерін білдірді.


Кездесудің негізгі мақсаты жастарды имандылыққа тәрбиелеу. Кездесу соңында мектеп директоры Ақылбек Тоқабаев аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне мазмұнды да тәлімді кездесу өткізгендеріне шексіз алғыстарын білдірді.


М.Жұматаева


[gallery link="file" ids="15500,15501"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары