Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің
02 сәуір, 2015 жыл 458 Басып шығару нұсқасы
IMG-20150330-WA0002«Нұр» мешітінде сауапты іс жасалып, жағдайы төмен, көп балалы және табысы аз отбасыларына қайырымыдылық көрсетілді. Бұл игі шараны   Шахтинск қалалық мешітінің бас имамы Досбол Сейдалиев және азаншасы Нұрғали Байкешев ұйымдастырды.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген еді ата – бабаларымыз. Халқымызда өзгеге қол ұшын беру, өзінде бармен бөлісу ежелден келе жатқан дәстүр. Қайырымдылық, адамгершілік іс–ізгіліктің бастауы. Көмекке мұқтаждарға жүрек жылуын ұсынып, сауабын алу – әрбір кісінің азаматтық парызы екен. Әбу Һурайра риуаят еткен хадисте: «Бір кісі шөл далада кетіп бара жатып, бұлт арасынан: «пәленшенің бақшасына құйыңдар!» - деген дауысты естіді. Әлгі бұлт тасты жерге бойындағы суын төгіп салады.Сол жердегі бір арық барлық жаңбыр суын бойына тартып алды да, аға жөнелді. Ал бақшасында тұрған кісі су арнасын кетпенімен керек жеріне бұра бастады. Сонда оған таңарқаған жолаушы: «Әй, Алланың құлы! Сенің есімің кім?»- деп сұрады. Бақшадағы кісі болса: «Әй, Алланың құлы! Менің есімімді неге сұрадың?» - дейді.Әлгі жолаушы аспаннан құйылған жаңбырдың суына таңданғанын, бұлт арасынан «пәленшенің бақшасына құйыңдар» деген дауыстан бақша иесінің атын естігенін айтып, бұл бақшадағы өнімді қайда жұмсайтындығын сұрайды. Бақша иесі үштен бірін садақа ететінін, тағы бір үштен бірін өз жанұясы азық ететінін, қалған үштен бірін осы бақшаға салатынын айтады.


Осы мысалдан алар сабақ мол.Қайырымдылық жасасаң, қарымы мен сауабы мол болатынын жақсы білетін қаламыз мешітінің имамдары жағдайы төмен отбасыларға азық – түлік өнімдерін тегін таратып, мол сауапқа кенелді. «Бізге жақыннан көмектесіп, қуаныш пен ризашылыққа бөлеп жатқан мешітіміздің имамдарына шын ыстық ықыласыммен мың алғысымды білдіремін.Алла тағаланың оларға нұры жаусын! Жүректері ізгілікке толы осындай имамдарымыз көп болсын! Олардың жасаған сый- сияпатына отбасымдағы балаларымыз мәз болуда. Иман жолындағы істерін Жаратқан Иеміз қолдасын. Мешітіміз гүлденіп, Ислам дініміз өркендей берсін!» - деді ағынан жарылған қала тұрғындары Болар Бұқарбаева мен Райса Мұхтар.


Аманкелді Тұржанов


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары