Құран Кәрімде: «Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ», – деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле», – дейді «Исра» сүресінің 23-аятында.
Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында жүздеріне күлкі ұялату мақсатында «Бала қажы» мешіті бас имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлы және мешіт шәкірт апаларымыз бірлесе отырып, қарттар үйіндегі ата-апаларымызды наурыз мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттар тарту етті. «жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген қазақ, жүзіндерін әжім торлаған ата-апаларымыз шексіз алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Пікірлер