Қарағанды қалалық №1- ші мешітіндегі мешіттегі ақпараттық насихаттық, рухани ағартушылық игі іс-шараларды сабақтастырып жасау дәстүрге айналды. Мешіт жанындағы діни сауат ашу курсындағы қыз балалар «Жалпы және Жастар ісі» бөлімімен бірлесе отырып, дәріске қатысушы қыз балалар арасында діни танымдық сайыс ұйымдастырды. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) толық өмірбаянынан сұрақтар дайындалып, екі топқа бөлінген шәкірттерге сауалдар қойылды. Шұғыл және нақты жауап берген топтың ұпайлары белгіленіп, тартысты өткен сайыста жеңіп шыққан шәкірттер озық топ болып белгіленді. Ізденіске баулитын осындай сайыстар алдағы күндері айына екі мәрте әртүрлі тақырыпта өткізілетін болып жоспарланды.
«Кітап – білім бұлағы»
Осы күні кітапхана оқырмандарымен «Кітап - білім бұлағы» атты кездесу өткізілді. Кездесу барысында ҚМДБ-дан соңғы басылып шыққан діни әдебиеттерден үзінділер оқылып, осы діни әдебиеттердің көптеп оқылуына насихат жасалды. Кітапхана оқырмандарын көбейту тәсілдері қарастырылды.
«Бірлігі жарасқан жамағат»
Мешітке көрік беретін жамағат екендігі белгілі. Сондықтан жамағаттың діни сауаттылығын көтеру, өзара ынтымағын арттыру маңызды істерден. Бірақ, дастархан басында бас қосып насихат айтумен ғана шектелмей, бір-бірімен тығыз байланыста болу бір басқа. Осы жайтты негізге алып, қасиетті Құранды күніне төрт беттен оқып, оны кезегімен жалғастырып отыру жолға қойылды. Басқосуда ынтымағы жарасқан жамағаттың бөлінбей, тұтастықта болуға үлес қосып жүру жайттары да талқыланды.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер