А Н Ы Қ Т А М А
Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап шариғатқа сай халал өнімдерін стандарттауға байланысты түрлі іс - шаралар атқарылып сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа ақпарат жеткізілуде.
2015 жылдың 27 ақпанында Қарағанды өңірі бойынша халал өнімдерін стандарттау бөлімінің өкілін, жұма намазының алдында жамағатқа таныстырып, 26.02.2015ж №310 Бас мүфтидің бұйрығы оқылды.
2015 жылдын 27 ақпанында ҚМДБ-нын рұқсатымен жергілікті «5арна» телеарнасына «Халал өнімдерін стандарттау» туралы және де неліктен «адал» деп айтылуы туралы қазақ, орыс тілдерінде сұхбат берілді және де осы жылдың 4- наурызында №9 (764) басылыммен шыққан «Новый вестник» газетінде «Все,что дозволено» атты мақала жарық көрді.
Қазіргі таңда, біздің өңірде сертификат алуға ниет білдірген 2 ет сататын кәсіпкер бар, оларға шарттар түсіндірілді және құжаттарын реттеуге бағыт берілді. Мешітке келіп жатқан жамағаттың сеніміне кіру үшін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолдауына ие болып жатырмыз.
Бүгінде, Қарағанды облысының әкімдігі, ішкі саясат бөлімі және кәсіпкерлер бөлімімен кәсіпкерлерді жинап кездесу өткізуге байланысты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мақсат: кәсіпкерлерге халал өнімдерінің маңыздылығын, шарттарын және құндылығын түсіндіру.
ҰСЫНЫС: Мақсатымыз халал өнімдерін бір жүйеге келтіру болғандықтан, қарапайым халық «халал» деген жарнамасы бар тағамды көрсе, сертификаты бар жоғына мән бермей тұтынып жататыны жасырын емес. Сондықтан «халал» деген жарнаманы тыйғызатын заң немесе «халал» деген сөзді авторлық құқық меншігіне өткізсе.
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің өкілі М.М.Уақасов
[gallery link="file" ids="14865,14868"]
Пікірлер