Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Аллаға мадақ, пайғамбарымызға(с.ғ.с) салауат!
03 наурыз, 2015 жыл 436 Басып шығару нұсқасы
Мейрам еткен дәл бүгін,

Бұрынғының сүннәті.


Құтты болсын мәулітің,


Нанған оның үмбетті.


  Наурыздың бірі. Әрине, бұл ресми күнтізбеде көктемнің алғашқы күні. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) мәулітін тойлауға келген халық Мәдениет үйіне жиылды.  Алланың кәләми қасиетті Құранды Болат Хамитұлының оқуымен басталды. Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекеде ауыл ақылшысы Таңатар Жариясұлы мәуліт мерекесімен құттықтады. Нұра аудандық мешіттің имамы Құмар Коныскерей пайғамбарымыздың(с.ғ.с) өмірінен өнегелі уағыз айтты. Қарағанды қаласынан келген айтыс майталманы Дидар Камиев мәулітке өзі арнауын шырқады. Сахна төрінде Еркебұлан, Ермек Мирас, Кариппаева Мөлдір   нақышына келтіре ән шырқаса, Қарой ауылынан келген оқушылар мен Изенді ауылының бүлдіршіндері мағыналы өлең оқыды. Сарыарқа өңірінен келген танымал ақындарымыз Айтбай Жұмағұлов, Мақсат Ақанов, Дидар Камиев, Тілеген Әділов екі жұппен айтысып,Изенді тұрғындарын бір серпілтіп тастады. Мәуліт құрметіне орай үлкендер арасында шахмат, теннис, доибыдан, оқушылар арасында шахмат, доибы және баскетболдан спорттық шара ұйымдастырылды. Ат салысқандарды орындармен тағайындап, арнайы сыйлықтармен марапаттады. Ауыл имамы Сарсенбеков  Балғабай «Отқанжар» директоры Қанат Жариясұлына тағы да басқа қол ұшын берген халыққа ризашылығын білдірді. Соңында        Амангелді Шахарбаев «Зікір Алла» әнін үлкен толқыныспен орындады. Мәуліт құрметіне орай  дәмханада барша жамағатқа қазақи салт-дәстүрмен ас берілді.


 

                                                       Нұра аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="14783,14784,14785,14786"]

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары