Бас имам Орманбет Болатұлының бағыты бойынша «Жалпы және Жастар» бөлімі қайырымдылық салтын сүннетпен, дәстүрімізді хадиспен сабақтастырған сауапты іс атқарды. Осы бөлімнің мүшелерімен бірге дін қызметкерлері қаламыздағы Октябрь ауданының тұрғыны Сыздықовтар отбасындағы қуанышты бөлісіп, сәбиге азан шақырып ат қойып берді. Кәде сый ретінде жанұясына қажетті азық-түлік пен кілем тарту етілді. Кәсіпкер азамат ақшалай көмек көрсетті. Мұсылманның табиғаты жақсы іске, қайырлы амалға құштар екендігі белгілі. Қоғамға қандай да бір пайда тигізу нағыз мұсылмандық қасиет. Адамдардың ең жақсысы да сол. Ирбад ибн Сариядан (р.а) жеткен риуаятта Алла елшісі (с.а.с) : «Адамдардың ең қайырлысы – адамдарға көбірек пайда әкелгені», - деп жауап берген. Осы хадистің өміршеңдігі бүгінгі өмірімізде өріс алып келеді.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер