Таяуда ҚМДБ-ның басшылығымен тұңғыш рет І-ші Республикалық имамдар форумы өтіп, Қарағанды өңірінен 24 имам қатысқан болатын. Айтулы форумға барып қайтқан Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Асылхан Рахымжанұлы айтулы форумның өткізілгені жөнінде халыққа кеңінен насихаттау мақсатымен Балхаштағы ақсақалдарымызды мешітке арнайы шақырды. Басқосу барысында бұрын-соңды болмаған форум жайлы, өткізілгендегі мақсаты, ҚМДБ-ның басшылығымен «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Шынай мұсылманның бейнесі», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» сынды маңызды құжаттардың кеңінен айтылды.
Балхаш қалалық мешітінің жамағаты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажұлы хазреттің бастамасын бір ауыздан қолдап, берілген жүктемелердің оң екенін жеткізді.
Отырыста «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында өткізілген форум елімізге, дәстүрлі дінімізге береке-бірлігін ала келсін деген ақ ниетпен бата жасалды. Бас имам жиналған қазыналы қарттарымызға шынайы алғысын білдіріп, "Ислам және Өркениет" газеті мен "Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) соңғы өсиеттері" кітабын сыйға тарту етті.
ihsan.kz
Пікірлер