Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жақсы адамдар алысты жақын етер
21 ақпан, 2015 жыл 86 Басып шығару нұсқасы

 18 ақпан күні Мәуліт мейрамына орай аудандық мешітінің бас имамы Кұмар Қоныскерей қайырымдылық шарасын өткізді. Киевка №3 орта мектебінің интернатында жатып, білім алып жүрген оқушыларға барып, жылы сыйлықтармен марапаттап кетті. Интернат асханасында бір үйдің баласындай тату-тәтті тамақтанып, ойнап жүрген жайдары мінезді оқушыларды көріп еріксіз мектеп қабырғасында жүрген шаттық күндерін есіңе түседі. Ауданымыздың бас имамы Құмар Қоныскерей  интернатта жатып, туған ауылы мен ата-анасын, үйін сағынып жүрген бүлдіршіндерге ақ тілегін жаудырып, 13 оқушыға алып келген жылы сыртқы киімсияқты сыйлықтарын табыстады. «Жақсы көмек етеді»- демекші бұл игі бастамаға демеушілік жасаған Айдарханов Мейрамның отбасына деген ризашылығымыз шексіз.


Киевка №3 орта мектебі интернатының жас тұрғындары игі шараның ұйымдастырылуына қуанып, көңілді сарында келген қонақтарды шығарып салды.


Аудандық орталық  мешітінде қайырымдылық шараларын ұйымдастыру үрдіске айналып үлгерді. Мұсылман күнтізбесінде өткізілген әр мейрам сайын аудандық мешіт ұжымы қайырымдылық акцияларын өткізіп, алдыңғы қатардан көрінеді.


Мешіттерде қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру – Қазақстан мұсылмандыр діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жыл басында еліміздің мешіттеріне белгілеп берген басым бағыттардың бірі.


                   Мақпал Жұматаева


[gallery link="file" ids="14537,14536,14535"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары