Аллаға шүкір, асыл дініміздің құндылықтарын бүгінде барынша жан-жақты және сауатты насихаттау үрдісі өз деңгейінде атқарылып келеді. Мүмкіндігінше түрлі мекемелер мен оқу орындарында өтіп жатқан келелі кездесулердің қатарында Қарағанды өңіріндегі түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен жүргізілетін тәрбиелік-имандылық сабақтары мен іс-шараларына №1-мешітінің имамдары тұрақты қатысып отырады. Осы орайда Долинка кентіндегі 159/17 түзету мекемесіндегі кезекті кездесуге бас имам Орманбет қажы Болатұлы қатысты. Жазасын өтеушілермен болған кездесуде қадамын шалыс басқан кісілермен емен-жарқын сұхбат жасалды. Тағдыр мәселесі мен сабырлық, дінді дұрыс түсініп көкжиегі кең түйсікпен ұстану, өзара мейірімділік пен шүкірлік, дәстүрлі Ханафи мазһабының өміршеңдігі сұхбаттың өзегіне айналды. Кездесу соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
[gallery link="file" ids="14404,14405,14406"]
Пікірлер