Қасиетті жұма күні Сәтбаев қаласының «Балмағамбет Балқыбайұлы» атындағы орталық мешітінде ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Ислам дінінің құндылықтары мен басшыға бағыну жайлы жұма уағызын айтқаннан кейін, жиналған жамағатқа Бас мүфтидің бұйрығына сәйкес ҚМДБ-ның Жезқазған аймағына қарасты Сәтбаев қаласының «Балмағамбет Балқыбайұлы» орталық мешітінің бас имамы Қ.Б. Балтабеков қызметінен босатылғанын және «Балмағамбет Балқыбайұлы» орталық мешітінің жаңа бас имамы болып Карсембай Дархан Асылтайұлы тағайындалғанын жеткізді. Жиналған жамағатқа бас имамды таныстырып, асыл дініміз ислам жолында аянбай қызмет етуін тапсырды. К.Д.Асылтайұлы жамағат алдында қызмет етуде бар күш жігерін салатынын айтты.
Карсембай Дархан Асылтайұлы 1976 жылы сәуір айының 29 күні Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентінде дүниеге келген.
2012-2014 жылдар аралығында Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имам қызметін атқарған. Нұр-Мүбәрак Египет мәдениеті ислам университетін тәмәмдаған.
Сәтбаев қаласының «Балмағамбет Балқыбайұлы» атындағы мешітінің баспасөз қызметі
[gallery link="file" ids="14306,14307,14308"]
Пікірлер