Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әсерлі иірім - ауылым алтын бесігім
09 ақпан, 2015 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

    Нұра ауданы Кертінді ауылында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) –ның туған күні-Мәуліт мерекесін ауылдық мәдениет үйінде арнайы мерекелік шарамен атап өтті.
Ақпан айының 8–күні өткен рухани кеште алдымен Нұра ауданының бас имамы Құмар Коныскерей пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және дүниеден өткен ата-бабалар рухына Құран бағыштап, Пайғамбарымыздың ғибратты өмірінен уағыз айтты. Карой ауылының молдасы Мақсұтов Сыздық қажы Аллаға мадақ Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, Мәуліт оқыды. Осынау қуанышты сәтте қазақы өрнекте кимешек киген әжелер шашу шашты. Ауыл мешітінің шәкірттерінің орындауында иләһи әндер орындалды. Аудандық мешіт молдасы Исай Кайболда қажы сәби балаға азан шақырып, ат қойып, ақ батасын берді. Ауыл мешітінің молдасы Мұқанов Төлеубай жас жеткішектердің бойына асыл дініміздің құндылығын сіңіру мақсатында ұйыдастырған оқушылар арасын да бокс пен қазақша күрестен орын алған жеңімпаздарды алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Шахарбаев Амангелді «Зікір Алла» әнін нақышына келтіре орындады.     Адамзаттың асыл тәжі, екі дүние сардары – сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) — ның мәуліт мерекесіне орай арнайы жайылған дастарханнан барша қауым дәм татты.


Нұра аудандық орталық


мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="14136,14137,14138,14139,14140,14141,14142,14143,14144,14145"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары