ҚМДБ –ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасы бойынша, сауат ашу курсының шәкірттерімен жүйелі жұмстар жүргізілуде. Бүгін Абай аудандық мешітіндегі шәкірттер емтихан тапсырды. Мешіттің наиб имамы Смағұлов Жасұлан саннан гөрі сапаға көңіл бөліну керек екендігін ескеріп, шәкірттерді екі топқа бөліп оқытып келеді. Біріншісі - Бастауыш және жалғастырушы тобы болса, мұндағы шәкірттер Қасиетті Құранды жарты парадан бір параға дейін жаттағандары болып табылады. Ал, екінші топтағы шәкірттер Тәжуид ережелерін үйренумен қатар діни ілімін толықтырушылар. Жалпы айтқанда шәкірттердің қадамы, ілім-білімге деген ынта-жігері жаман емес. Шәкірттерімізге Алла Тағала пайдалы білімді толық игеруге нәсіп етсін!
[gallery link="file" ids="14147,14148,14149,14150"]
Пікірлер